Белгілі режиссер Ақан Сатаевтың қызы Айиша Сатай ақ келін атанды. Өнер майталманы қызының сүйіктісімен некесін қиғанын хабарлады. Айишаның өзі бүгінде киноиндустрия саласында еңбек етеді — ол әкесінің киностудиясында атқарушы продюсер қызметін атқарады.
Ақан Сатаев әлеуметтік желіде жаңа күйеу баласының тек фотосуретін жариялап, жазбасында:
«Алла Тағаланың қалауымен, мейірімімен қызымыз Айишаның неке қию рәсімін өткіздік. Алла Тағала оларға бақыт пен береке нәсіп етіп, бар жамандықтан қорғасын, әмин!» — деп жазды.
Айиша болса, әзірге жұбайы туралы ақпаратты құпия сақтап отыр.