«Подиумдағы шашу»: Отандық дизайнер Назым Қарпықова Парижде жаңа топтамасын таныстырды

02 октября 2023

Назым Қарпықова Paris Fashion Week аясында өзінің жаңа коллекциясын таныстырды. Отандық танымал дизайнер Arunaz Atelier Kazakhstan брендінің негізін қалаушы. Фэшн маманы енді дәл осы сән үйімен Париж төрінен табылды. Подиумда кутюрье киімдерінің шымылдығын блогер Айнұр Нұрсейітова ашты.

Arunaz брендінің жаңа топтамасы нәзік жандыларға арналған кешкі көйлектерден құралған. Дизайнер бұл жолы қызғылт, қою көк түске ден қойған. Францияда әйгілі сән үйлерімен қатар шыққан Назымға келген қонақтар подиумда шашу шашты.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @nazym_arunaz

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше