«Тұрмысқа шықсаңызшы!» Бұл Ақбота-Нұр Сейтмағамбетке инстаграм парақшасында жиі қойылатын сұрақтардың бір. Актриса әрі әнші желі қолданушыларына жеке жауап беруді жөн көрді. Эстрада жұлдызы инстаграм stories-ында «Тұрмысқа шықсаңшы. Жастығың өтетін болды ғой», - деген сауалға былай деп жауап берген:
«Уайымдамашы, жақын арада қартая қоймаймын. Ал енді қалжыңсыз, шын сөзге келейін. Мына өмірде сансыз адам, сансыз тағдыр бар. Кімнің жоғын жоқтап үлгермексің? Менің тағдырыма Алла кіріседі. Құдайдың рөлін алып, шаршамашы», - деп жауап қайтарды.


Ақбота Сейтмағамбет болашақ жарының қандай болуы керек екенін де айта кетті. Актриса: «жанындағы әйелдік махаббатын қорғайтын өмір бойы адалдығы. Шешімгер батыл мінезі. Түзде сабыры мен тазалығы, үйде жұмсақтығы мен шексіз сезім», - дәл осындай талаптарға сәйкес болса, Ақбота екінші рет тұрмысқа шығуға әзір.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.