Жұлдыздардың танымалдылыққа дейінгі кездері әрқашан да қызық. Әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Олар кумирлерінің өнер жолын бастамай тұрған сәттерін жиі көргісі келеді. Harper`s BAZAAR Kazakhstan шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына саяхат жасап, бүгінгі таңда қандай өзгеріске ұшырағандарын ашып көрсетпек. Біздің «Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» яғни «до и после» айдарының кезекті кейіпкері – театр және кино актрисасы Жазира Еркін.
Қарапайым крафт-леди үлкен киноның жұлдызына айналды! Бұл сөздер Жазира Еркінді дәл сипаттайды. Актриса 2013 жылы алғаш түсірілім алаңына келіп, жәй ғана шәй құятын қыз болып қызмет еткен. Жарты жылдан астам уақыт команданы тамақтандыру процессімен айналысқан Жазира, ТВ саласындағы танымал бағдарламалардың музыкалық редактор ассистенті де болған.


Түсірілім алаңының ерекше атмосферасы - Жазира Еркіннің үлкен киноға деген қызығушылығын оятқан. Ол 2016 жылы «Айжан» телехикаясында ең бірінші ауқымды рөліне ие болды. Бүгінде Еркін-тегі сұраныстағы танымал актрисалардың бірі.


Кинодан бөлек Жазира театр сахнасы, түрлі импровизация шоуларында өнер көрсетеді. Сондай-ақ ТВ жобалар мен салтанатты шараларды жиі жүргізеді. Қала берді, оның актерлық шеберлікті үйрететін арнайы курсы да бар. Ал актрисаның сұлулығына келсек, заманауи тенденциялар өзгерсе де Жазира Еркін табиғилықты бірінші орынға қояды. Сондықтан да ол көптеген қыздарға мотиватор.


Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.