Соңғы уақытта табиғи сұлулық бағалана бастағанымен, қыз-келіншектердің көпшілігі әлі де еріндерінің көлемді болғанын қалайды. Осы тұста кейбір қыздар косметологтардың көмегіне жүгінсе, басқалары жеңілдеу әдістердің көмегімен ернін үлкейтуге тырысады. Ерінді инъекциясыз, күйдірместен, ине салмастан көлем беретін арнайы пламперлердің көмегімен үлкейтуге болады.
Dior Addict Lip Maximizer жылтыры
Бұл жылтырды Белла Хадид жақсы көреді. Сәнбикештің ерніне қарасаңыз, неге жақсы көретінін түсіне қоясыз. Оның еріндері – миллиондаған қыздардың арманы!

Ерінге арналған Rodial Collagen Booster лагы
Өзінің құрамының арқасында аталмыш құрал коллагеннің түзілуіне ықпал етіп, ерінге визуалды көлем сыйлайды. Оның үстіне, ерінге арналған лак мүлдем жабыспайды!

PYT Beauty Full Filled Plumping жылтыры
Бұл құрал ерінді мүлдем күйдірмейді және күткендей нәтиже береді.

Neutrogena Healthy Lips сарысуы
Құрамында пептидтері бар сарысу теріге дереу сіңіп, ерінге арналған нәрлендіргіш праймер сияқты қызмет етеді.

GlamGlow Plumprageous бальзамы
Ерінді инъекциясыз үлкейтуге GlamGlow-дың бальзамы көмектеседі. Плампер жалбыз сығындысы мен гиалурон қышқылының есебінен ерінге көлем береді.

Harper's BAZAAR Kazakhstan.