Жұлдыздардың танымалдылыққа дейінгі кездері әрқашан да қызық. Әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Олар кумирлерінің өнер жолын бастамай тұрған сәттерін жиі көргісі келеді. Harper`s BAZAAR Kazakhstan шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына саяхат жасап, бүгінгі таңда қандай өзгеріске ұшырағандарын ашып көрсетпек. Біздің «Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» яғни «до и после» айдарының кезекті кейіпкері – әнші, музыкант, автор Мәди Рымбаев.
Мәди Рымбаев бала кезінен көпшілік алдында өсті. Оның кішкентайынан халыққа жақын болуына себепкер анасы – Роза Рымбаева. Ал ҚР Халық әртісінің кенже ұлы өзінің жеке шығармашылығын 2016 жылы бастады. Өнерлі әулеттен шыққан Мәди бүгінде сұраныстағы соло орындаушы әрі музыка әрлеуші.


Биыл Мәдидің сахнада жүргеніне 10 жыл толмақ. Материалдағы фотосуреттерді байқасаңыз Рымбаевтың есейгені болмаса, ол еш өзгермеген. Мәди көпшілік алдында жүргеннен кейін өзін барынша шынайы ұстауға тырысады. Музыканттың бүгінгі күнтізбесі - студия мен спорт зал.


Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.