Әр трегі хит әнші Liili тыңдарманын қуантты. Өнерпаздың репертуарына алғаш рет қазақ тілінде композиция қосылды. Liili жаңа туындысын рэпер Nurik Smit-пен бірігіп орындаған. Ол - «tosyn syi» деп аталады. Қос өнерпаз әннің тұсауын бүгін кеспек. Еске салсақ, коллаборация - Лейла Қоджахметова үшін осы жылы жарық көрген екінші дуэті. Поп-орындаушының музыкант DASHXX бірге орындаған «LETOM» атты синглы бар.
Liili, Nurik Smit-пен жазған трегі жайлы өз пікірін білдірді:
«Біз Нурик екеуіміз біраз уақыттан бері ортақ бір дүние жазғымыз келіп жүрген еді. Бұған дейін басқа тректердің бірнеше нұсқасы да болды. Бірақ біз ойлана келе, қолымыздан одан да жақсы туынды шығатынына сендік. Тек қазақша ғана емес ағылшында да араластырғымыз келді. Нурик маған өзімнің куплетімді аударуға көмектесті. Маған қазақ тілінде ән шырқаған қатты ұнап қалды. Енді өзімнің ана тілімде тректер шығаруды доғармаймын. Тіпті, дауысымның өзгеше шығатынын да байқадым. Музыкада не істеп жатырсың десе, осы әнімнің куплетін көрсетемін. (күледі)... Біздің екеуімізге де ұнады...»

Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @ili_liili Автор. @von__rou.