Ким Кардашьян SKIMS брендінің жаңа купальниктер топтамасын шығаратынын жариялады. Бұл коллекция жағажай маусымының басты хитіне айналады деп күтілуде және сатылымға ертеңнен бастап шығады. Дәл осы ақпаратты алғаш болып People басылымы мәлімдеді.
«Үш жылдан кейін бәрін бастаған революциялық купальник қайтадан интернетті сілкіндіруге дайын», – деп жұлдыз Instagram парақшасына жүктей отырып, жазбасын фотосессиядан алынған әсерлі суреттерімен толықтырды.
Шынында да, басты рөлдегі Ким Кардашьянмен жарнамалық кампания SKIMS өте тартымды шыққан: түсірілім Багам аралдарының жағажайларында өтсе, фотограф ретінде Playboy журналындағы жұмыстары арқылы танылған Ана Диас бой көрсеткен. Кадрда Ким көз тартарлық бикинимен камера алдында сәнді кейіпте топтаманың басты идеясын – өз-өзіне сенімділік пен сексуалдылықты айқындап көрсеткен.
Айта кетсек, купальниктерден бөлек, топтамада мақта трикотажынан және түкті матадан жасалған жағажай жамылғылары, сондай-ақ стильді бассейн демалысына арналған аксессуарлар да ұсынылған.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова. Источник заглавного фото. Instagram @kimkardashian.