«Грэмми» сыйлығының иегері Imanbek «Құрмет» орденімен марапатталды
Фото. Instagram @imanbekmusic

«Грэмми» сыйлығының иегері Imanbek «Құрмет» орденімен марапатталды

Гүлдана Мұқан
08 декабря 2025

2021 жылы «Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды. Әлемді мойындатқан ремикс-мейкер әрі саунд-продюсер жағымды жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Мұндай мәртебелі марапатты Иманбекке Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады. Еске салсақ, бүгінде Иманбек Зейкенов шет мемлекеттерде өнер көрсетіп, сұранысқа ие болған артисттердің бірі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды. Олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмады. Бүгін осы құрметті наградаларды өз отандастарымызға табыстау мен үшін айрықша мәртебе болды», - деп жазды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева желідегі парақшасында.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше