Гүлназ Жоланова үйлену тойының кадрларымен бөлісті! Актриса неге жасырын тұрмысқа шықты?

28 марта 2023

Осы жылдың ақпан айында ресми түрде құлағына сырға салынып, сырғалым атанған Гүлназ Жоланова үйлену тойының кадрларымен бөлісті. Актриса инстаргам stories-ында «qairly tun» деп күйеужігітпен вальс билеп тұрған сәтін көрсетті. 

Ақ көйлек киіп қалыңдық атанған Гүлназ дүбірлі тойы туралы бұған дейін еш жерде бөліспеген еді. Тіпті салтанатты шараның нақты қайда және қашан өткені жайлы ақпарат жоқ. Соған қарағанда Гүлназ тойын барынша жасырып қалғысы келгендей. Актриса тіпті сүйіктісінің кім екенін әлі де құпия ұстап жүр. Бастысы жас жұбайлар бақытты болсын! 


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше