Еркебұлан Күрішбаев неге әйелі Әсия Оспанға продюсерлік етпейді? Ғашықтар отбасындағы құпияларды ашты


Еркебұлан Күрішбаев пен Әсия Оспанова ELLE Kazakhstan ұсынған романтикалық Mahabbat Quiz жобасының жаңа кейіпкерлері атанды.  YouTube платформасындағы шығарылымда ерлі-зайыптылар бір-біріне қатысты фактілер мен қызықты оқиғаларымен бөліседі. Еске салсақ, Еркебұлан Күрішбаев - QARA Studios шығармашылық орталығының продюсері болса, Әсия Оспанова талантты new school әнші.

Ғашықтарға қойылатын сұрақтар айтарлықтай қиын болса да, олар барынша шынайы жауап беруге тырысты. Жобада жұп бір-біріне алдын-ала арнайы сауалдар дайындайды. 

Бір қызығы, Әсия 3 жыл отбасылық өмірде күйеуінің продюсерілігімен таспаланған бейнебаяны жоқ екенін мойындады. Әнші өздеріне айтылатын дәл осындай қауесеттерге нүкте қойғысы келгендей.

Толығырақ Mahabbat Quiz жобасынан көре аласыздар.

https://www.youtube.com/watch?v=Qv3gx9zTlxo

Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше