Comeback: Фариза Ескермес 5 жылдық үзілістен кейін әншілігін қайта қолға алды!
Фото. Instagram @fariza_yeskermes

Comeback: Фариза Ескермес 5 жылдық үзілістен кейін әншілігін қайта қолға алды

Гүлдана Мұқан
18 декабря 2025

Қазақстандық кинонарықта сұраныстағы актриса әрі әнші Фариза Ескермес өнердегі үзілістен кейін әншілік мансабын қайта жандандыруға бел буып отыр. Соңғы бес жыл бойы сахнадан алшақтап, кинокарьерасына басымдық берген ол бұл кезеңде Instagram желісінде белсенді блог жүргізіп, инфлюенсер ретінде де кеңінен танылды.

Жыл соңына қарай тыңдарманына жағымды жаңалық сыйламақ болған Фариза көптен күткен comeback жасайтынын мәлімдеді. Алайда жаңа ән соло форматта емес, дуэт ретінде ұсынылмақ. Әншінің бұл жолғы шығармашылық серігі — өнердегі ғана емес, өмірдегі де жақын құрбысы Балжан Бидаш.

Қос арудың бірлескен жұмысы «OSEK» деп аталады. Қазіргі таңда артисттер әлеуметтік желіде «жуырда…» деген жұмбақ жазбаларымен тыңдарманның қызығушылығын оятып үлгерді. Ал жаңа трек желтоқсан айының соңына дейін жарық көреді деп күтілуде.

Comeback: Фариза Ескермес 5 жылдық үзілістен кейін әншілігін қайта қолға алды
Фото. Instagram @fariza_yeskermes @bidash_official

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше