«Бір көргеннен сүйдім сенесің бе?»: ACE екінші соло бейнебаянын кімге арнады?

H
honeydoll_777
07 октября 2024

ACE жеке шығармашылығын мықтап қолға алды. Таяуда ғана соло әртіс ретінде сахнаға шығатынын мәлімдеген Ninety One тобының мембері екінші бейнебаянын ұсынды. «Tunimenen» деп аталатын сингл Азамат Ашмақынның жаңа альбомына енбек. «Бір көргеннен сүйдім сенесің бе?» , - деп әндетіп жүрген 91-лік серінің кезекті туындысы тағы да махаббат тақырыбында. Бір ғана локацияда таспаланған бейнебаянда Азаматтың өзі басты рөлде. Еске салсақ, ACE бір ай бұрын дебюттық «Okpeleme» трегіне клип шығарған болатын.

https://www.youtube.com/watch?v=300xkUxVYCc


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @acetagrammy Автор. @sultan.stb

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше