Бетке арналған йога: бұл тәжірибе жайлы білуге тұрарлық барлық мүмкіндік
Фото. Shutterstock. Автор. oscargutzo

Бетке арналған йога: бұл тәжірибе жайлы білуге тұрарлық барлық мүмкіндік


Бетке арналған йога – жаңадан шыққан тренд емес, керісінше ежелгі тәсіл. Бұрынғы заманда адамдар бұлшық еттерін жаттықтырып, жас әрі көрікті көрінуге тырысқан. Бұлшық етті нығайту мен тонусын арттыруға бағытталған арнайы жаттығулар кешені қан айналымын жақсартып, терінің серпімділігін арттырады, деп жазады Harper’s BAZAAR España. Сонымен қатар, мұндай тәжірибе күйзеліс деңгейін төмендетеді, токсиндерді шығарады және терінің салбырауына қарсы тұрады.

Айта кететін жайт — бет йогасының барлық артықшылықтары көзге көрініп тұрады. Тағы бір маңызды тұсы — жаттығулар коллагеннің бөлінуіне әсер етеді (бұл, айтпақшы, көптеген өнімдер мен тағамдық қоспалар уәде ете алмайтын нәрсе) және жасушалардың оттегімен қанығу процесін күшейтеді.

Бетке арналған йога әжімдер мен майда сызықтардан арылуға көмектесе ме?

Мамандардың айтуынша, бұл әр адамның жағдайына және жаттығуларды қаншалықты жиі жасайтынына байланысты. Бет йогасы терең әжімдерді мүлде жоя алмаса да, жаңаларының пайда болуының алдын алуға көмектесе алады. Бұл әдісті тұрақты қолданушылардың айтуынша, олардың терісі көзге көрінерліктей жасарып, жарқырап, тегістеле бастаған.

Бетке арналған йога — кәсіби және үй күтіміне керемет қосымша бола алады. Бұл косметологиялық процедуралардың орнын баспаса да, олардың нәтижесін жақсартуға ықпал етеді. Кәсіби мамандар күн сайын кешке, ұйықтар алдында бірнеше қарапайым жаттығу жасауға кеңес береді — бұл терінің түнде қалпына келуіне көмектеседі.

Фото. Shutterstock. Автор. Pixel-Shot

Бетке арналған йога қалай жасалады?

 • Қасты көтеру. Құс саусақтарыңызды қастың астына қойып, оларды жоғары қарай көтеріп, бірнеше секунд ұстап тұрыңыз. Көзіңізді жұмып жасаған тиімдірек болады.

 • Мойынды созу. Басыңызды жаймен артқа шалқайтып, көзіңізбен жоғары қараңыз. Ерніңізді төбені сүйгіңіз келгендей алға созыңыз. Осы қалыпта бірнеше секунд тұрыңыз. Бұл жаттығу мойын бұлшық еттерін жақсы жұмыс істетеді.

 • Өзіңізге жымиыңыз. Тістің көрінбеуі маңызды. Ерніңізді кең жайып, бірнеше секунд жымиып тұрыңыз. Барлық жаттығулар сияқты мұны да бірнеше рет қайталаңыз. Бет бұлшық еттері алғыс айтады.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше