«Әбден жыладым»: Мақпал Исабекова неге екі баласымен ауруханаға түсті?


«Теодор оң жақ пневмониямен ауруханаға түсті. Мен онымен бірге жата алмадым. Әбден жыладым. Үйде емізулі қызым бар, ол да аздап ауырып қалды, ал оның туғанына 20 күн ғана болды», - деп желіде оқырмандарына хабар берген Мақпал Исабекова ұлынан соң, таяуда ғана босанған қызымен бірге емханаға түскен.  

«Мен күйзеліске түстім, ұлым да осы жағдайды бастан кешіп жатыр. Қолында катетер, не болып жатқанын түсінер емес, анасының неліктен бір келіп, бір кетіп жүргенін, өзінің қайда жатқанын да түсінбей жылап жатыр», - деп инстаграм парақшасында stories жүктеген Мақпал алғашында атұстарының жанында күйеуі болғанын хабарлады. Бүгінде декреттегі әнші өзінің де денсаулығы сыр бергенін айтады. Енді эстрада жұлдызы отбасымен бірге ем қабылдап, біраз уақыт ақ халаттылардың қарамағында болмақ.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @makosyai. 

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше