Азиялық көздің сұлулығын қалай ерекшелеуге болады? Біз оның 6 жолын ұсынамыз.

ДЮ
Дарья Юсан
26 октября 2022

Көпшілік, азиялық арулардың келбетінің басты кемшілігі эпикантус деп ойлайды. Бірақ ол керісінше, әдемілікті ерекшелеп тұрады. Жақсы орындалған азиялық макияж көзді ұлғайтады және көріністі ашық және жеңіл етеді. Сонымен, азиялық көздерге қандай макияж техникасын және косметикалық өнімдер қолдану қажет. Ол туралы Harper’s BAZAAR Kazakhstan редакциясына визажист Захар Гринов айтып берді.

Көзді үлкейту

Ол үшін жұмсақ қарындашпен (кайал) кірпікке жақын орналасқан сызықты бояп өтіңіз. Кейін төменгі қабақты сызыңыз. Содан соң хайлайтерді қолданып, қабақ бояуын көздің ішкі бұрыштарына жағыңыз.

Лайфхак: Қабаққа арналған бояу ұзақ тұруы үшін консилер не макияжға арналған негізді қолдану қажет.

Үздік өнім: Everlasting Köhl от ELIAN RUSSIA лайнері.

Ағарту

Мамандар ашық түстерді қолдану көзді көрнекі түрде ұлғайтады және сәл дөгелек етіп көрсетеді дейді. Ол үшін ақшыл түсті қарындашпен астыңғы қабақты сызу қажет. Бұл шаршағаныңызды жасыруға да көмектеседі.

Лайфхак: Қабақтың ішкі бұрыштары мен қастың астыңғы бөлігін ағарту үшін ақшыл кайл не күңгірт қабақ бояуларын қолдану қажет.

Үздік өнім: Multiplay Eye Pencil от PUPA қарындашы.

Қабақты бояу

Қабақтың қозғалатын бөлігін қара түстермен бояу қажет. Ол көзді ұлғайта түседі. Тағы 1-2 мм сызықтарды салыңыз.

Лайфхак: Макияжға табиғи әсер беру үшін скульптор және қызылшырай қолданыңыз. Оларды қабақтың қозғалатын бөлігіне жағу керек.

Үздік өнім: Naked Wild West от Urban Decay палеткасы.

Қасты бояу

Көптеген азиялық арулар жалпақ әрі қалың қастарды ұнатады. Ол үшін қарындашпен не арнайы далаппен қасты сызып алу керек. Содан кейін барлығын дұрыстап бояу қажет. Ең соңында арнайы гель жаққан дұрыс.

Лайфхак: Егер арнайы далаппен қарындаш болмаса, онда қабаққа арналған бояуды қолданыңыз. Өйткені, ол әмбебап өнім болып табылады.

Үздік өнім: Eye Brow Set от CATRICE палеткасы, Anastasia Beverly Hills ұсынған қас бояуға арналған далап және Divage-дың №01 гельі.

Теріге әдемі реңк беру

Макияжда бастысы - теріге әдемі әрі табиғи реңк беру. Ең алдымен бетке арнайы негізді, кейін маңдай, мұрын, иек пен көздің астына консилер жағу қажет. Бірқалыпты реңк болуы үшін ВВ-кремді, содан соң пудраны қолданыңыз.

Лайфхак: Тоналды кремді сатып аларда, оның құрамын мұқият тексеріңіз. Онда міндетті түрде SPF қорғағышы болуы тиіс.

Үздік өнім: NUDE 5-en-1 от Erborian ВВ- кремі, Ottie Objet ұсынған D’art Tension Pact (SPF50+/PA++++) ылғандандырғыш кушон және NYХ пудрасы.

Кірпікке көлем беру

Кірпігіңіз неғұрлым ұзын әрі көлемді болса, сіздің көзіңіз соғұрлым ұлғайып, көрініс ашық бола түседі. Ол үшін арнайы негізді қолданған дұрыс. Не жасанды кірпіктерді қосыңыз.

Үздік өнім: Shiseido-ның керлері, NARS ұсынған Climax Extreme тушь.


Автор. Захар Гринов х Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Пресс-офисы марок, Shutterstock.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше