«Басты қолдаушым»: Ayau ғашығын көрсетті! Әншінің сүйгені танымал актер ма?


Трендтен түспейтін әнші Аяу ғашық! Өнерпаз желіде сүйіктісін көрсетті.  Сылқымның таңдауы өнер адамы болып шықты. Ол – Дидар Төлеген есімді кино және театрда ойнайтын жас актер. Сондай-ақ, серінің арасында ән салатын қыры да бар. Мәселен, Дидардың соңғы акустикалық кешіне Аяулым оны қолдап келген.

Еске салсақ, Дидар Төлеген бүгінде кинода ғана емес, театрда да қызмет етеді. Актер Астана қаласындағы «Музыкалық жас көрермен» театрында 2,5 жылдан бері өнер көрсетеді. Таяуда ғана «Пацаны» атты толықметрге түскен Төлеген-тегінің кино қоржынында бірталай отандық телехикаялар да бар.

Бүгінде желіде сезімдерін бір-біріне еркін білдіріп жүрген қос ғашықтың қол ұстасқандарына бір жылға жуық уақыт болды. Олай болса, жұлдыз жұпқа бақыт тілейміз!


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @ayaumusic

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше