5-11 мамыр аралығында көпшіліктің бойында қуаты артып, қарым-қатынастарын және ойларын ретке келтіруге деген ықылас пайда болады. Астрологиялық аспектілер белсенділікке итермелейді, бірақ бұл кезеңде саналы болу маңызды: күшті дұрыс бағыттау қажет, ал аяқ астынан туындаған шешімдерден аулақ болыңыз. Ал әрбір жұлдызнама белгісіне арналған кеңестер төменде берілген.
Тоқты
Құттықтаймыз! Ақыры сізді күн сайын сынаған өмір сабақтарын меңгердіңіз. Жуырда өмір бір сынақ жіберіп, сіз оны «өте жақсы» деген бағаға өттіңіз. Енді алда тек жақсылықтар күтіп тұр.
Торпақ
Сізді уайымға салған мәселелер шешімін табады, бірақ сіздің белсенді қатысуыңызбен ғана. Сабыр, табандылық және батылдық таныту керек. Сондай-ақ, тәжірибелі менторлардан кеңес сұраған дұрыс. Егер ондай адам болмаса – іздеуді бастаңыз.
Егіздер
Бір іске аса назар аударыңыз, қалғандарын әріптестеріңізге тапсырған жөн. Өкінішке қарай, бәрін өзіңіз жасай алмайсыз. Командаңызға сенім артыңыз – нәтижесі қуантады.
Шаян
Бұл аптада ойланбай қабылданған шешімдерден бойды аулақ ұстаған жөн. Егер нақты шешім қабылдау қиынға соқса, «жақсы» мен «жаман» тұстарын тізіп шығып, шынайы таразылаңыз. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз – ішкі даусыңызды тыңдаңыз.
Арыстан
Кенеттен қабылданған әрекеттер кері әсерін беруі мүмкін. Эмоцияға ермеңіз, сабыр сақтап, айналаңыздағы адамдарға, әсіресе бәсекелестерге қатысты абай болыңыз.
Бикеш
Бұл аптада сәттілік сізге серік болады. Мансапта алға жылжу, жаңа романтикалық қызығушылық немесе сүйіктіңізбен қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ пайдалы таныстықтар орнату мүмкіндігі туады.
Таразы
Армандаған жобаңызды бастауға таптырмас уақыт. Әлі де ойда жүрген бастамалар болса – алғашқы қадамды жасаңыз. Қазіргі жұмысты тастамаңыз, бірақ жаңа істі қатар алып жүруге тырысыңыз. Өз кәсібі бар жандарға да бұл – даму кезеңі.
Сарышаян
Бұл аптада импульсивтілік белең алуы мүмкін. Маңызды кездесулерді кейінге қалдырыңыз. Жеке өзіңізге көңіл бөліп, тыныш ортада болуға тырысыңыз – шәй ішіп, жайлы музыка тыңдаңыз.
Мерген
Сізге де тыныштық қажет. Бұл күндері әсіресе сезімтал, ренжігіш боласыз. Қарым-қатынас шектен тыс қысым тудырмауы тиіс. Мұндай кезеңдер болады – бұл қалыпты.
Тауешкі
Сізді көптен бері ешкім мұншалықты қалаулы, тартымды сезіндірмеген шығар. Алайда бұл назарға мастанбаңыз. Бүгінгі артықшылық – ертеңгі жоқ дүние болуы мүмкін.
Суқұйғыш
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Қай жолмен жүру керек екенін, қандай шешім қабылдаған жөн екенін сол айтып береді. Тіпті шығармашылыққа деген шабытыңызды ашуға да көмектеседі.
Балықтар
Өзіңізге деген сенім – ең басты қаруыңыз. Сіз – өз ісінің шебері, тартымды, жарқын тұлғасыз. Айналаңыз не ойлайды деп уайымдамаңыз – мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.