Жигули Дайрабаев құлдықта ұстау дерегін жоққа шығарды


Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев Василий Ковешниковтың айыптауына жауап берді.

Жигули Дайрабаев, сурет ашық дереккөзден

"Бұл шындыққа жанаспайды. Бізде адвокат бар, ол бұл мәселемен айналысды. Маған дайындалуға мүмкіндік беріңіздер," – деді Дайрабаев.

Сондай-ақ, депутат Ковешниковпен жеке таныстығы жоқ екенін атап өтті.

"Мүмкін мені көрген шығар, мені көпшілік біледі. Мені 20 миллион халық біледі. Бұл адамды білмеймін. Бұл мәселемен адвокаттар айналысатын болады. Біз олардан жауап күтеміз, кейін мен жауап беремін," – деді ол.

Журналистердің "депутаттық мандатыңызды тапсырғыңыз келмей ме?» деген сұрағына «маған ондай сұрақ қоймаңыздар, ұят болады» деп жауап қайтарды.

Ads zone