Жастар үшін 2,3 миллион жұмыс орны ашылады


Бүгін Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің сайлаушылармен үгіт-насихат кездесулері басталды. Бірінші кездесу Абай ауданында болды.

Бөкейханов атындағы университетте студенттермен кездесуде Республикалық қоғамдық штаб мүшелері сайлауалды бағдарламада айтылған жастармен жұмыс істеудегі жаңа тәсілдерге баса назар аударды.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында жастарға басымдық берілген. «Жастар үшін» деген көзқарастан «жастармен» деген ұстанымға көшу ұсынылып отыр. Мемлекет пен өскелең ұрпақтың талантты, белсенді өкілдерінің өзара кең қарым-қатынасы үшін жағдай жасалды. Жастар ел тағдырына белсене қатысу үшін барлық мүмкіндіктерге ие болады», - деді Республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Ерлан Қошанов.

Жас кәсіпкерлерді 2,5 пайызбен несиелеуді жолға қою, шығармашылық индустрияны дамыту, жастарға 2,3 миллион жұмыс орнын ашу, жатақханалар салу, қолжетімді арендалық баспана, өз баспанасын сатып алу құралдарын әзірлеу, шәкіртақыны екі есе арттыру және т.б.

Абай ауданының жұртшылығымен әңгімесінде Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді дамыту және ең алдымен ауылдардағы өмір сүру жайлылығын жақсарту бойынша ұсынған шаралары туралы айтты.

Ақсақалдар мен шығармашыл зиялы қауыммен кездесуде сайлауалды бағдарламада көрсетілген тарихи мұраны сақтау, мемлекеттік тілді қолдау, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру және өнерді дамыту шаралары талқыланды.

Әңгімелесу барысында өңірдің зиялы қауым өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевқа Абай өңірін құру туралы шешімі үшін алғыс айтып, Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері тұрғындарды Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайтынына сендірді.

"Бұл шынымен де біз 20 жылдан астам күткен шешім болды. Жаңа мәртебенің арқасында облысымыз бұдан да қарқынды дамитынына сенімдімін. Ал Абай халқы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлауда белсенді түрде дауыс береді», - дейді Шәкәрім университетінің профессоры Арап Еспенбетов.

Сол күні Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері «Семей Цемент» АҚ-да болып, кәсіпорынның еңбек ұжымын Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдау үшін дауыс беруге қатысуға және өз таңдауын жасауға шақырды.

Ads zone