Жапонияда жаңа жыл 7,0 балдық жер сілкінісінен басталды


Жапонияда 5,6 және 7 балдық жер сілкінісі болды.

Сурет: twitter.com/iamsidraaaaa

Жер асты дүмпулері Осака мен Киотода бір-бірінен бірнеше минут ішінде сезілді, деп хабарлады жергілікті ауа райы агенттігі. Нәтижесінде биіктігі 5 метрге жететін толқындар батыс жағалаудағы аймақтарға жетті. Исикава префектурасында бірнеше күшті жер сілкінісінен кейін барлық жүрдек пойыздар тоқтатылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Жер асты дүмпулеріне байланысты цунами қаупі Ресейде – Владивосток, Находка және Сахалин аралында да жарияланды.

Ads zone