Жаңа жылда Астана, Алматы және Шымкент тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұр?


Жаңа жылға бір апта қалды. Қазақстанның ірі қалаларының тұрғындарын 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні қандай ауа райы күтіп тұрғаны қызықтырады.

«Оңтүстік-батыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -5…-7°C, күндіз 0°C шамасында»,-
«Қазгидромет» РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалы, Метеорологиялық болжамдар департаменті.

1 қаңтарда алдын ала болжам бойынша Алматыда күн бұлтты болады, жауын-шашын айтарлықтай болмайды. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -6…-8°C, күндіз 0°C шамасында.

Синоптиктердің болжамынша, Жаңа жыл түні Астанада да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын айтарлықтай жаумайды. Елордада 31 желтоқсан мен 1 қаңтарда оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -19…-21°C, күндіз -13…-15°C.

Шымкентте 31 желтоқсанда орта мерзімді ауа райы болжамы бойынша көшпелі бұлт шығады, күндіз жауын-шашын негізінен қар түрінде болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз +3…+5°C.

1 қаңтарда да күн бұлтты болады. Кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

"Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3…-5°С, күндіз +2…+4°С",- «Қазгидромет» РМК

Бұл ретте мамандар ауа райының ұзақ мерзімді болжамы соншалықты дәл еместігін баса айтты. Жаңа жыл қарсаңында 28-29 желтоқсанда синоптиктер ауа райы картасына сүйене отырып, ауа райы туралы нақтырақ ақпарат береді.

Ads zone