Жүргізушілер енді электромобильдерге арналған тұраққа көлігін қойғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады


Бұл туралы Мәжіліс депутаты Александр Милютин мәлімдеді.

Экология және табиғатты пайдалану комитеті екі заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеп жатыр: экологиялық таза көлікті ынталандыру және электромобильдер инфрақұрылымын дамыту туралы, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

"Заң жобаларына мәжіліс депутаттары экологиялық таза көлікті дамыту мақсатында бастамашылық етті. Заң жобасын қабылдау электромобильдер үшін инфрақұрылымды дамытуға, экологиялық таза көліктердің жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға, орнатуды реттеудің құқықтық тетіктерін жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте электр көліктерін тоқтатуға немесе қоюға арналған орындарда көлікті тоқтату немесе қою ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады», - деді Милютин.

Ads zone