Қыркүйек айы толассыз жаңбырмен басталады


"Казгидромед" хабарлауынша, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде толассыз жауын жауады. 31 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында облыстардың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Сурет ашық дереккөзден

Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

"Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, ауа температурасының одан әрі төмендеуі күтілуде. Ауа температурасының ең көп төмендеуі республиканың солтүстігінде күтілуде, ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 10-18 жылы болады", - деп хабарлайды синоптиктер.

Тек Қазақстанның батысында жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады, сонымен қатар ауа температурасы күндіз 25-30 градус Цельсийге дейін біртіндеп көтеріледі деп болжайды.

Ads zone