Қыркүйек айында қанша ресейлік Қазақстанда тұруға рұқсат қағазын алуға өтініш тастады?


Қыркүйек айында Қазақстанда тұруға рұқсат алуға 900-ге жуық шетелдік өтініш берген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Аслан Аталықов мәлімдеді.

Ішкі істер министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Аслан Аталықовтың айтуынша, кез келген шетелдік Қазақстан аумағында тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініш бере алады.

"1 қыркүйек пен 24 қыркүйек аралығында тұруға ықтиярхат алуға 896 шетелдік өтініш білдірген, оның ішінде 115-і Ресей азаматы. Қазақстанға заңды негізде келген кез келген шетелдік, оның ішінде Ресей Федерациясынан келген азаматтар тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініш бере алады. Егер елге заңсыз кіретін болса, онда тұруға ықтиярхат алу туралы сөз болуы мүмкін емес. Тұрақты тұру, тұруға ықтиярхат алудан бас тартудың барлық негіздері туралы «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 49-бабында сипатталған», - деді Аталықов онлайн брифинг барысында.

Рұқсат беру бойынша қызмет көрсету мерзімі: 60 күнтізбелік күн, 18 жасқа дейінгі балалар үшін – 10 күнтізбелік күн. Қызмет тегін.

Ads zone