Wildberries қазақстандық бизнесмендерге салынған бірнеше миллион доллар айыппұлын алып тастайды


Техникалық қателіктен Астаналық кәсіпкерлерге айыппұл салынған еді.

Қате есептеулер жойылып,айыппұл алынып тасталынады. Бұл өзгерістер алдағы, 20 наурыздағы орындалу есептерінде көрсетілмек.

"Онлайн-платформа Қазақстан кәсіпкерлерімен қалыптасқан серіктестікті сақтауға бағытталған. Біз сатушыларға қолдау көрсету қызметін күшейтеміз, оларға кері байланыс береміз, платформамызбен жұмыс істеу шарттары туралы сұрақтарына жауап береміз және сенім телефондарын жүргіземіз. Болған жағдай үшін сатушылардан кешірім сұраймыз», - деді Wildberries баспасөз қызметі.

Бұған дейін кәсіпкерлер Астананың атын өзгертуге байланысты айыппұлдар есептелуі мүмкін екенін айтқан еді: жүйенің өзінде елорда әлі күнге дейін Нұр-Сұлтан болып көрсетілген, сондықтан тауарлар дұрыс емес қоймаға түседі-мыс. Кейбір кәсіпкерлерге 14 миллион теңгеге дейін айыппұл салынған.

Ads zone