Владимир Зеленский «Жыл адамы» атанды


«Тайм» журналы Украина президенті Владимир Зеленскийді және Украйна халқын, "рухын" жыл адамы деп атады.

"Украина президенті осы ғасырдың бағытын анықтайтый авторитаризмге қарсы жаһандық күресте демократиялық әлемнің флагманы болды", – деп жазылған журналда.

Аталған басылым Зеленский президенттігінің бейбіт кезде біраз сынға ұшырағанына қарамастан, соғыс кезінде ол өзін Украина халқының рухын көтере алғанын атап өткен. Сондай-ақ Батыс елдерін де Украинаға көмектесу үшін ынталандыра алған мықты көшбасшы ретінде көрсетті.

Айта кетейік, «Тайм» басылымы былтыр жыл адамы деп  Илон Маскты жариялаған еді.

Ads zone