Витас ресейлік шенеулікке шабуыл жасады


Ерекше дауысымен көпшілікке танымал Витас шуға ілікті. Starhit басылымының хабарлауынша, Витас Мәскеудегі караоке клубтарының бірінде мас күйінде төбелеске қатысқан.

Белгілі болғандай, жанжал басталған кезде әнші достарымен Мәскеудегі танымал караоке клубында демалып жатқан. Витас көрші үстелде отырған адамға әдепсіз сөздер айтып, біраз ескертулер жасады. Федералды министрліктердің бірінің шенеунігі болып шыққан ер адам жанжалды реттеуге тырысқанымен, әнші бұған көнбей шенеулікке қарсы газ баллонын қолданған.

Жанжалға мекеменің қауіпсіздік қызметі араласқан. Витас караоке клубынан асығыс шығып кеткен, ал шенеулік жедел жәрдем бөлімшесіне баруға мәжбүр болған. Оған көзінің химиялық күйігі диагнозы қойылды. Басылымның мәліметінше, жәбірленуші келтірілген зардап үшін әншінің үстінен полицияға арыз жазған.

Ads zone