Видео ойындардан фильм кейіпкерлеріне дейін: Топ-5 құбыжық


Кино және ойын саласы ұзақ уақыт бойы қатар дамып келеді. Екі салада да құбыжықтар туралы жобалар ерекше орын алады. Бүгін біз ойын кейіпкері ретінде пайда болып, артынша фильм сюжеттеріне көшкен ең ерекше бес тіршілік иесін еске түсіруді шештік.

Сурет: «Пять ночей с Фредди» (2023) фильмінен кадр

Видео ойын (ағылш. video game) — электронды құрылғының экранындағы бейнемен әрекеттесу арқылы ойналатын ойын. Қазіргі уақытта «видео ойын» мен «компьютер ойыны» көбінесе синоним ретінде қарастырылады. 2011 жылы АҚШ-та компьютерлік ойындар ресми түрде жеке өнер түрі ретінде танылды.

Горо / Goro

Ойын атауы: Mortal Kombat
Фильмдер: «Смертельная битва» (1995), «Мортал Комбат» (2021)

Горо - біреуді жегісі келетін кәдімгі құбыжық емес, ол шокан нәсілінің айбынды өкілі және ойын сюжеті бойынша Mortal Kombat турнирінің жеңілмейтін чемпионы.

Режиссер Пол Андерсонның жетекшілігімен бұл құбыжық культтік кейіпкерге айналды және 2021 жылы ойынның жаңарған нұсқасында қайта пайда болды. Сонымен қатар, Горо Стивен Спилбергтің «Первому игроку приготовиться» фильмінде эпизодтық рөлді алды. Фильмде ол ксеноморфпен шайқасады.

Лизун / Licker

Ойын атауы: Resident Evil
Фильмдері: «Обитель зла» (2002), «Обитель зла 2: Апокалипсис» (2004), «Обитель зла: Возмездие» (2012), «Обитель зла: Раккун-Сити» (2021) және «Обитель зла» (2022) сериалы

Лизундар немесе Ликерлер - терісі мен көзі жоқ, бірақ дыбыстарға өте сезімтал, миы экспрессивті ұлғайған, өткір тырнақтары мен тістері және ұзын тілі бар мутанттар. Ликер Resident Evil 2 (1998) фильмінде дебют жасады және содан бері медиа франшизаның ажырамас бөлігі болып келеді.

Бұл құбыжық күміс экранда бірнеше рет пайда болды. Сондай-ақ, 2021 жылы ойынның қайта жүктелуінде және Netflix сериалында эпизоттық рөлді алды.

Аниматроники

Ойын атауы: Five Nights at Freddy’s
Фильмі: «Пять ночей с Фредди» (2023)

Қазір біз “өліммен” ешкімді таң қалдыра алмайтын дәуірде өмір сүріп жатырмыз. ​​Скотт Кавтонның қарапайым, бірақ әйгілі және өте танымал «Five Nights at Freddy’s» аниматроникасы киноэкранында нағыз зұлымдықтың кейіпкеріне айналды.

Сүйкімді болып көрінетін, бірақ шын мәнінде қорқынышты механикалық жануарлар концепсиясы "қорқыныш" жанрына мүлде таңсық болса да, ойынның фильмге бейімделуі әртүрлі пікірлер туғызды. Аю Фредди Фазбер, қоян Бонни, тауық Чика, түлкі Фокси және зұлым кейіпкер Мистер Кекс кейіпкерлері фильмде өте жоғары деңгейде бейімделді. Blumhouse студиясының бұл жобасы 2023 жылы ең көп табыс әкелген қорқынышты фильмге айналды.

Палач / Executioner (The Axeman фильмдерінде)

Resident Evil франшизасы ойында да және кинематографияда да көптеген құбыжықтарды ойлап тапты. Зомби Добермандардан бастап, Альберт Вескер секілді жағымсыз құбыжықтар мен Тиран сияқты зұлым мутанттарға дейін.

Басына мөшек киген, денесіне шегелер қадалған, қолында үлкен балтасы бар зомбилер жайлаған әлемнің құбыжығы туралы екі фильм жарық көрді.

Rampage ойынындағы мутант аңдар

Ойын атауы: Rampage
Фильм: «Рэмпейдж» (2018)

1986 жылы шыққан түпнұсқа ойынның сюжеті бойынша сәтсіз ғылыми эксперименттердің нәтижесінде мутант жануарларға айналған Джордж, Лиззи және Ральф атты кейіпкерлер пайда болды. Ойыншының міндеті осы кейіпкерлер кейпінде ғимараттарды және көзіне көрінгеннің бәрін жоюы керек және қаланың қирандылары ғана қалған кезде миссия аяқталады деп саналды. Бірақ ойыншы миссияны жүзеге асыру жолында түрлі кедергілерді жеңуі керек.

Ойынға негізделген осы аттас блокбастерлік фильмде басты кейіпкер Дуэйн Джонсон ойындағы мутант аңдармен бірігіп, Чикагоға барып, қаланы хайуанаттар бағына айналдырады.

Кадрда зәулім үйлер, көліктер, түрлі әскери техникалар, қысқасы барлығы опырылады. Майкл Бэйдің жарылыстарға деген және Роланд Эммерихтің қаланы жоюға деген сүйіспеншілігімен және MonsterVerse-дің кайджумен күресуді талап етуімен жарық көрген Брэд Пейтонның блокбастері экранда шынайы көрінетін жоғары бюджетті фильмге айналды.

Ақерке Дүйсенбай

Мақаладағы сурет-коллаждар: esquire.kz

Ads zone