Украина президенті Зеленский: Херсон біздікі


Зеленскийдің айтуынша, Херсон тұрғындары көшелер мен ғимараттарды ресейлік әскерлердің іздерінен тазартуда.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әскерлерінің Херсоннан шығарылуын тарихи күн деп атады.

"Бүгін - тарихи күн. Біз Херсонды қайтарып жатырмыз. Бүгін біздің қорғаушылар қаланың шетінде, ал арнайы бөлімшелер қазірдің өзінде қалада. Олар Украинаны ешқашан тастап кеткен емес», - деді Владимир Зеленский видео үндеуінде.

Сонымен бірге, Украина президенті миналарды тазарту әлі басталмағанын, билік Херсонға БАҚ өкілдерінің кіруін қамтамасыз ете алмайтынын атап өтті.

Владимир Зеленскийдің айтуынша, қала тұрғындары көшелер мен ғимараттардан Херсондағы ресейліктердің рәміздер мен орыс әскерлерінің іздерін алып тастауда.

Ол Украина әскерилерінің Херсонға кіріп жатқаны түсірілген видеоны жариялап, оған "Біздің. Херсон" деп қол қойды.

Ads zone