Тоқаев Мәжілісті таратып, сайлау күнін белгіледі


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысы жетінші шақырылымдағы Мәжілісті тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындау туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру тапсырылды. Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды дереу қабылдасын деді.

Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды.

Ads zone