Тоқаев 2024 жылға арналған ең төменгі жалақыны, зейнетақыны және АЕК мөлшерін бекітті


Заңға президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылға арналған ең төменгі жалақының, ең төменгі зейнетақының мөлшерін айқындайтын заңға қол қойды.

«Мемлекет басшысы «2024–2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», - делінген ақорда жариялаған хабарламада.

Сенат сайтының хабарлауынша, заң 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап мыналарды белгілейді:

  • ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 692 теңге;
  • базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн күнкөрiс минимумы – 43 407 теңге.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Ads zone