Telegram-да қазақ тілі пайда болды


Жаңа өзгеріс 30 маусымда енгізілді.

Сурет ашық дереккөзден

30 маусымда еліміздің мемлекеттік тілі Telegram әлеуметтік желісінің тілдік параметрлеріне ресми түрде қосылды.

"Қазақ тілін iOS және Android жүйелерінде, сондай-ақ қосымшаның веб-нұсқасында қолдануға болады. Тілді өзгерту үшін параметрлерге өтіп, «Тіл» дегенді таңдап, қазақшаны басу керек», - делінген хабарламада.

Telegram — смартфондар мен басқа да құрылғылар үшін, мәтіндік хабарламалар мен түрлі форматтағы медиафайлдармен алмасуға мүмкіндік беретін тегін кроссплатформды мессенджер. Қызмет халықаралық нарыққа бағдарланған, көптілді интерфейсі бар.

Telegram "Вконтакте" әлеуметтік желісінің негізін қалаған Павел Дуровтың көмегімен жасалды. The New York Times журналында берген сұхбатында оның есігінің алдына қаруланған адамдар келгенде, дәлірек айтқанда 2011 жылы қосымшаны құрудың алғашқы идеясы келді. Қарулы адамдар кете салып, Дуров бірден өз ағасы Николайға хат жазады. Сол кезде ол ағасымен байланысудың қауіпсіз жолы жоқ екенін түсінеді. Сервис ағасы Николаймен әзірленген MTProto хатын шифрлеу технологиялар негізінде құрастырылды. "Телеграмның" өзі алғашында MTProto-ны үлкен жүктемелерде тексеру мақсатында Павел тиесілі Digital Fortress компаниясының сынағы болатын. 2013 жылы 14 тамызда IOS платформасында бірінші клиенті пайда болды.

Ads zone