Таразда 100 полиция қызметкері "бомба" қойылған ғимаратқа шұғыл аттанған


2022 жылдың 21 қарашасында сағат 13:10-да полицияға Төле би даңғылы мен Домалақ ана көшелерінің бойында орналасқан колледж ғимараттарында бір сағатта жарылып кететін жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабар келген.

Арнайы іс-шараларға 22 көлік бригадасы, 100 полиция қызметкері, арнайы және жедел қызметтер, сондай-ақ қызметтік иттері бар кинологтар жұмылдырылды.

Жамбыл облысының полиция департаменті Колледж қызметкерлері мен студенттері эвакуацияланды.

Қабылданған арнайы іс-шаралар нәтижесінде жарылғыш заттар табылмады. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ads zone