Таиландта кісі өлтірмек болған қазақстандық кім?


Пхукет әуежайында кісі өлтірмек болды деген күдікпен Қазақстан азаматы қамауға алынды.

Сурет: The Phuket Express

Иммиграциялық қызмет Тайланд БАҚ-ына күдіктінің Пхукет халықаралық әуежайының терминалында ұсталғанын хабарлады.

"Шетелдіктің 49 жастағы Қазақстан азаматы Артур Легай екені анықталды. Күдікті кеше оқиға орнынан қашып кеткен соң, кешеден бері іздеуде", - деп жазады Тайланд басылымы.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Пхукеттегі танымал мейрамханалардың бірінің иесі, 44 жастағы ресейлік Дмитрий Алейников Чернг-Талайдағы дәмхананың алдында тұрған көлікте оның қасына мотоцикл дулыға киген белгісіз ер адам келіп жеткен. Шабуылшы алдыңғы әйнекке бірнеше рет оқ атқан, кейін полиция одан төрт оқ тесігі тапқан.

Зардап шегуші дереу ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Дәрігерлер оның өміріне ештеңе қауіп төндірмейтінін хабарлады.

Бұқаралық ақпарат құралдары қылмысқа күдікті қазақстандықтың елден шықпақ болғанын хабарлады. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жағдайға қатысты Таиланд билігінен ресми ақпарат күтуде.

Бұған дейін Таиландта төрт қазақстандық әйел зардап шеккен жол апатына ұшыраған қайық жүргізушісі есірткі пайдаланды деп айыпталғаны хабарланған болатын.

Ads zone