"Таиландта итальяндықты азаптаған қазақстандықтар": ҚР Сыртқы істер министрлігі ақпаратты тексеріп жатыр


Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таиландта итальяндықты азаптап, тонауға үш қазақстандықтың қатысы бар екендігі туралы ақпаратты тексеріп жатыр.

Сурет ашық дереккөзден

Тайланд ақпарат құралдарының хабарлауынша, үш қазақстандық итальяндық азаматты азаптап, қомақты соманы тонап кеткен.

Бұқаралық ақпарат құралдары отандастарымыздың бағалы заттарды, оның ішінде дербес компьютер мен смартфондарды ұрлағанын алға тартады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі қазіргі уақытта ақпарат тексеріліп жатқанын хабарлады.

thephuketnews.com

Жергілікті БАҚ жазғандай, қазақстандықтар Асхабов және оның ағасымен сөз байласып, Пхукеттегі итальяндық азаматтың вилласына кіріп, біраз ақпарат алу үшін оны байлап, бірнеше сағат бойы ұрып-соққан.

Одан кейін қазақтар Дубайға ұшып, жүздеген миллион теңгені өздерімен бірге алып кетті-мыс. Тергеу оларды отанына оралды деп есептейді.

Дәл осы уақытта спортшы мен оның ағасы Таиландта ұсталды. Шенеуніктердің айтуынша, оларға қарақшылық шабуыл жасады және азаптау арқылы айуандық жасады деген айып тағылған.

Полицияның мәліметінше, италиялықтан сәнді сағаттар, қымбат гаджеттер, төлқұжат, қолма-қол ақша және карта алынған. Сонымен қатар, олар оның телефондары мен компьютерлеріне қол жеткізді.

Ads zone