Таиландпен визасыз режим ұзартылды


Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Тайландта 30 күнге дейінгі визасыз режим 2024 жылдың 29 ақпанында аяқталуы керек еді.

Фото-коллаж: esquire.kz

Таиланд билігі қазақстандық туристер үшін визасыз режимді 30 күнге дейін болу үшін алты айға ұзартты. Бұл туралы Таиландтың туризм басқармасы (TAT) хабарлады.

«Біз Таиланд Министрлер Кабинетінің 2024 жылдың жазғы маусымына Қазақстан азаматтары үшін «келу кезінде» туристік визаларды алып тастау мерзімін ұзартқанын хабарлауға қуаныштымыз. Визасыз режимге 2024 жылдың 1 наурызы мен 31 тамызы аралығы кіреді», - деп келтіреді ТАТ Travelpress.kz.

Еске салайық, Таиланд бұған дейін Қазақстан азаматтары үшін бес айға – 2023 жылдың 25 қыркүйегінен 2024 жылдың 29 ақпанына дейін визасыз туристік режим енгізген болатын. Енді отандастарымыз Таиландта 2024 жылдың 31 тамызына дейін 30 күн визасыз жүре алады.

Ads zone