Түркістан облысында оқушы қызды өлтірген 11 сынып оқушысы қылмысын мойындады


Ішкі істер министрлігі Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы суару каналынан өлі денесі табылған кәмелетке толмаған қыздың өліміне қатысты тергеу барысында айтты.

Сурет: ашық дереккөзден

Өлтірілген оныншы сынып оқушысының денесінен пышақ жарақаттары табылды. Қылмысын мойындап үлгерген 11-сынып оқушысы кісі өлтіру дерегі бойынша ұсталды.

«Осы оқиғаға қатысы бар екінші күдіктінің де тұлғасы анықталды. Ол қамауға алынды. Бұл жергілікті тұрғын, жас жігіт болып шықты. Күдіктілер қылмысын мойындап, қылмысты қалай жасағанын жан-жақты көрсетті. Екеуі де қамауға алынды», - деді полиция.

Қаза тапқан оқушы қыздың әжесі Аружан Орынбай қыз соңғы төрт жылдан бері немересімен Түркістан облысындағы Төрткүл ауылында бірге тұрғанын айтады. Бейсенбіден жұмаға қараған түні немересімен әдеттегідей ұйықтауға жатқан, ал таңертең оның бөлмесінде болмағанын айтады.

"Түнде кетіп қалғанын ешкім естімеді. Екі пышақ жарақатын алған, біреуі терең, қолындағы тамырлар кесілген. олар қылмысты жасыру үшін әдейі каналға лақтырып жіберген» – дейді әже Құрманкүл Салқынбекова.

Сол бір қаралы түнде қой қорасындағы жалғыз камера сағат 12-лер шамасында тәпішке киіп, каналға қарай келе жатқан оқушы қызды түсіріп алған. Ал таңертең қыздың денесі ағыстың екі шақырым төменгі жағындағы судан табылды. Сол күні қызды өлтірді деген күдікпен жергілікті мектептің он бірінші сынып оқушысы мен Төрткүл ауылының 19 жастағы тұрғынының ұсталған. Қыздың туыстары жігіттердің Аружанның кейбір суреттерін әлеуметтік желіге салмау үшін миллион талап етіп, оны бопсалаған.

"Аружан 6-шы күні бізден үлкен ақша сұрады. Мен таң қалдым, оның не үшін керек екенін сұрадым. Ол күліп: "Мен шетелге шығамын" деді. Енді осы екеуі оны бопсалағанын білдік. Олар миллион талап етті немесе оның суретін әшкерелеймін деп қорқытқан. Бірақ суреттер жалған, фотошоп болып шықты», - дейді марқұмның анасы Динара Зілғараева.

Өз қылмысын мойындаған жігіттерге ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша тергеу жүргізілуде.

Ads zone