Түркістан облысында кене шаққан жасөспірім көз жұмды


Сауран аймағының тұрғыны кене шаққаннан кейін медициналық көмекке дер кезінде жүгінбеген.

Сурет ашық дереккөзден

«Жыл басынан бері облыс бойынша медициналық ұйымдарға кене шағуы бойынша 985 адам жүгінген. Өкінішке орай, науқастың медициналық көмекке уақтылы жүгінбеуінен жасөспірім бала қолданылған медициналық шараларға қарамастан қайтыс болды», - деді Түркістан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтиораз Елемесов.

Департаменттің хабарлауынша, қазіргі таңда 48 науқаста ауруға күдік бар, тоғызында бұл диагноз расталды. Науқастармен қарым-қатынаста болғандардың барлығы дәрігерлердің бақылауына алынды.

Ads zone