Түркияның Кахраманмарас провинциясында тағы да жер сілкінді


14 наурызда Түркияда магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Сурет: : instagram.com/trthaber

Бұл туралы табиғи апаттардың зардаптарын жою басқармасы (AFAD) хабарлады.

«Кахраманмараш провинциясының Гексун ауданында 09:47-де (Астана уақытымен 12:47) магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі болды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ жер сілкінісінің шамамен 7 шақырым тереңдікте болғаны атап өтілді.
6 ақпанда Түркияда Рихтер шкаласы бойынша 7,7 балдық жер сілкінісі болып, тұрғын үйлердің ауқымды қирауына әкелді.

Түркияның шығыс аймағында 27 ақпанда жаңа жер сілкінісі болды. Табиғат апаты салдарынан 25 үй қирап, 1 адам қаза тауып, 69-ы зардап шекті.

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккен 6 қабатты ғимарат қала орталығында опырылып құлады.

Сондай-ақ бұған дейін Түркия жағалауында 4,5 балдық жер сілкінісі болды.

10 наурызда Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 47 мыңнан асты.

Ads zone