Түріктің тұңғыш электр көлігін Ердоған мінді


Анкарадағы президенттік кешенде автокөлік кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Ердоған әйелімен бірге көлікті тапсыру рәсімінде / Сурет Telegram RTErdogan

«Бүгіннен бастап біз Тоггты жолдарда көретін боламыз», - деді Түркия басшысы шарада сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысының айтуынша, бірінші Togg электромобильін жасау және дамыту, сонымен қатар оның қазіргі деңгейге жетуі технологиялық және экономикалық дамудың, Түркияның әлемдік аренадағы беделінің белгісі болып табылады.

Президент Ердоған Түркиялық Тогг электр көлігінің Түркияда ғана емес, бүкіл әлемде автокөлік әуесқойлары арасында танымал болатынына сенім білдірді.

Түрік дизайнындағы Togg T10X электромобильінің алғашқы өндірістік үлгісін сатып алуға өтінімдерді орналастыру процесі басталғаннан бері барлығы 177 467 алдын ала тапсырыс түскен.

Ads zone