Төреғали Төреәлі ауруханаға жеткізілді


Бұл туралы оның адвокаты айтты.

Сурет ашық дереккөзден

Адвокат Төреғали Төреәліге бүгін медициналық көмек қажет екенін, оның ауруханаға жеткізілгенін айтты.

Бұл туралы Эльнура Кішкенебаева Instagram парақшасында бөлісті.

«Әншіге медициналық көмек қажет болды және ауруханаға жеткізілді», - деп жазды адвокат.

Сурет әлеуметтік желіден

Еске салайық, 14 маусымда Төреғали Төреәліні Алматыда полиция ұстаған болатын. Кейін оның есірткіге мас күйінде көлік жүргізгені белгілі болып, оған 20 тәулікке қамауға алу тағайындалған.

Ads zone