Төреғали Төреәлі 10 миллион теңге кепілмен босатылды


Көзқарасы ұнамады деп жас жігітті соққыға жыққаны үшін қамауға алынған әнші Төреғали Төреәлі босатылды.

Сот қаулысымен 293-баптың 1-бөлігінде жазылғандай қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікке ілінген Төреғали Әлихановқа 10 000 000 (он миллион) теңге кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Бұл бұлтартпау шарасын қолдану тәртібі туралы Қылмыстық кодексте және Қылмыстық іс жүргізу кодексінде нақты көрсетілген.

Алматы облысы Кеген аудандық сотының баспасөз қызметі 28 қыркүйекте Төреғали Төреәлі Көлсайда гидті ұрды деп айыпталған болатын.

30 қыркүйекте Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Төреғали Төреәлінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

Төреғали Төреәлі ИЗО-да тергеу кезінде кикілжің жаңа бейнебаян түсіру кезінде басталғанын айтты. Жәбірленуші әншіге қарап, сол арқылы жұмысқа кедергі келтірді. Одан әрі төбелес әншінің шабуылымен аяқталды.

Сондай-ақ, видеода әншінің әдепсіз балағат сөздер айтқаны жазылған.

Ads zone