Сот Гүлмира Сатыбалдыдан 6,5 млрд теңгеден астам соманы өндіру туралы шешім шығарды


Бұған дейін Гүлмира Сатыбалды мен оның қарамағындағылар адам ұрлауды және озбырлықты ұйымдастырғаны үшін айыпты деп танылған еді.

Сурет ашық дереккөзден

«Сатыбалдадан зардап шеккен Алагузовтың пайдасына «Galanz bottlers» АҚ-ның 43,25 пайыз жай акцияларын заттай қайтару және 1 миллион теңге моральдық шығын сомасын қайтару арқылы 6,5 миллиард теңге материалдық шығын өндірілсін», - деді судья Кемеңгер Имашев.

Сот 2020 жылдың маусым-қыркүйек аралығында Гүлмира Сатыбалды жәбірленуші Тұрсен Алагузовқа моральдық-психологиялық қысым көрсетіп, «Galanz Bottlers» АҚ-дағы 43,25 пайыздық үлесін сенімгерлікпен басқарушылардан Сатыбалдының сенімгерлік басқарушысына қайта жазуға мәжбүрлеп, нәтижесінде 6,5 млрд теңгеден астам сомаға материалдық шығын келтіргені анықталды.

Еске салайық, прокурор Сатыбалдыға 8 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Жәбірленушілер сотта 12 миллиард теңгеге жуық ақшаны қайтаруды талап етті, олардың арасында белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагузов пен Айгүл Мекешева да бар.

Өткен жылдың наурыз айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады. Іс бойынша айыпталушылар Қайрат Сатыбалдыұлы, оның бұрынғы әйелі Гүлмира және басқа да тұлғалар бизнесті рейдерлік жолмен басып алды деген күдікке ілінді.

Ads zone