Әлихан Смайылов Астанадағы LRT-ға ақша қалай бөлінетінін түсіндірді


Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында Астанадағы жеңіл рельсті жүйе құрылысына қалай ақша бөлетінін айтты.

"Біз бұл жобаның алдағы тағдырын көп талқыладық. Осы жобаны одан әрі дамытудың әртүрлі схемаларын, әртүрлі нұсқаларын зерттей келе, халықаралық сарапшылардың пікірін ескере отырып, ортақ шешімге келдік. Біз бұл жобаны жүзеге асыруды жалғастырып, оны біршама оңтайландырылған түрде аяқтауымыз керек», - деді Смайылов Мәжіліс алаңында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Ол қазір үкімет қаржыландыруды жалғастырып жатқанын, атап айтқанда, LRT құрылысын жалғастыруға қосымша 20 миллиард теңге бөлінгенін түсіндірді.

"Бұл ақша игеріліп жатқандықтан, біз оны дамытудың тиімділігін, осы жоба аясындағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қарастырамыз. Содан кейін бұл жобаны аяқтау үшін кезең-кезеңімен қосымша қаражат бөлетін боламыз.

LRT жобасымен әкімдік айналысады, ақшаны әкімдік бөледі. Біз қаражатты бөлеміз, олардың тиімділігін қадағалап, белгіленген көлемдер мен параметрлерге қол жеткіземіз және бұл ақшаның дұрыс жұмсалғанын көргеннен кейін келесі соманы бөлеміз», - деді Премьер-Министр Смайылов.

Ads zone