Әскерден оралған 19 жастағы жасөспірім айуандықпен өлтірілді


Мамырдың 7-нен 8-іне қараған түні Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылының маңында кісі өлтіру оқиғасы орын алды.

Сурет ашық дереккөзден алынды

Индербор ауылы мен Жарсуат ауылдық округінің жастары табиғат аясына демалуға аттанған. Не себепті екені белгісіз, олардың арасында жанжал шығып, демалыс орнынан шыққан соң Жарсуаттың шетінде жалғасқан. Салдарынан жақында ғана әскерден оралған 19 жастағы Жарсуат ауылының тұрғыны пышақ жарақатынан көз жұмды.

Полиция тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті ұсталды - ол Индербор кентінің 19 жастағы тұрғыны. Соттың санкциясымен ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ads zone