Шымкенттегі қақтығыс: дүкен иесі кешірім сұрады


Шымкенттегі спорт дүкенінде өткен акцияны ұйымдастырушылар болған оқиға үшін кешірім сұрады.

Шымкентте 5 қараша күні Тәуке хан даңғылында орналасқан сауда үйлерінің бірінде дүкен иесі спорттық киімдерді арзан бағаға сату акциясын ұйымдастырды. Халық көп жиналып, кептеліс болды.

Ол акция туралы ақпарат Instagram желісі арқылы тарағанын, дүкенге көп адам жиналғанын айтты.

Дүкен иесі халықтан кешірім сұрады.

"Акция туралы құзырлы органдарға хабарламағандықтан, осындай жағдай орын алды. Бұл үшін кешірім сұраймын. Алдағы уақытта мұндай акция ұйымдастырсам, құзырлы органдарға хабарлаймын", - деді дүкен иесі.

Айта кету керек, оқиға орнына күшті пункттің учаскелік инспекторлары келіп, олар қоғамдық тәртіпті қалпына келтіріп, қамтамасыз етті. Зардап шеккендер жоқ.

Дүкен иесі ҚР ӘҚБтК-нің 488-1 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Ads zone