Шымкентте 23 жастағы бойжеткен жаңа туған сәбиін сатпақшы болған


Ол делдалдар арқылы сатып алушы іздеген.

Сурет ашық дереккөзден

Шымкентте жас келіншек делдалдар арқылы жаңа туған баласына сатып алушы іздеген. Енді оны бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Делдал арқылы басқа облыстың 45 жастағы тұрғыны хабарландыруға жауап беріп, бала сатып алуға дайын болған. Кейін олар келісімге келді.

"Аталған факті ҚР ҚК 135-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Бала балалар үйіне орналастырылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған ұқсас дерек бұған дейін Алматы облысында да анықталған болатын. Жеті айлық жүкті қыз құрсағындағы сәбиін сатып алушыларды тапқан. Орнына барлық несиелерін жауып беруді талап еткен.

Ads zone