Шымкент тұрғыны өз інісін "моральдық тәртіпке саламын" деп жазым қылды


Інісін өлтірді деген күдіктінің ізіне полиция иті түсіп, құрықтауға көмектескен.

Иллюстративті сурет ашық дереккөзден

Өткен демалыс күндері Еңбекші аудандық ІІБ-нің 102 пультіне кісі өлімі туралы хабарлама келіп түскен. Жедел-тергеу тобымен бірге Шымкент қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасарлары Серік Ергешов пен Арман Бейсенбаев, аудан прокурорлары да шақыртумен оқиға орнына барған.

Хабарлама түскен жерге жеткен полиция қызметкерлері үйдің ауласынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның денесін тапты.

«Жергілікті тұрғын отбасылық жанжал кезінде інісінің кеуде тұсынан асхана пышағымен ұрып, содан кейін белгісіз бағытқа қашып кеткен», - деп анықтады тәртіп сақшылары.

Бөлімнің бас жедел уәкілі Арман Бейсенбаевтың нұсқауымен криминалдық полицияның анықтаушысы Құттыбек Оңалбеков пен Мейіржан Қасымбеков қызметтік ит арқылы үйге жақын жерде өтетін темір жолда қылмыскердің ізіне түскен. Полиция иті Грей бірден полиция қызметкерлерін киімін ауыстырып үлгерген күдіктіге апарған. Ер адамды полиция қамауға алды.

Белгілі болғандай, ағайындылар арасындағы кикілжің марқұмның есірткіні қолдануын тоқтатуы керек деп моральдаудан басталған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша тергеу шаралары аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады.

Ads zone