Шығыс Қазақстан облысына 2022 жылға бөлінген «экологиялық» миллиардтар қайда кетті?


Келесі жылдың бағдарламасы да қабылданбады. Бұл туралы брифингте ШҚО экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Бюджет кодексіне жаңа норма енгізілді: экологиялық төлемдерден түскен қаражат толығымен, 100% тек қоршаған ортаны қорғау шараларына жұмсалуы тиіс.

2022 жылы Абай облысы бөлінгенге дейін Шығыс Қазақстан облысына барлық ластаушы кәсіпорындардан 10 млрд теңгеге жуық қаржы түскен. Облыс екіге бөлінген соң «Қазақмыс» кәсіпорны сәйкесінше Абай облысына тиесілі болып қалды. Кеткен шығындарды есептегенде ШҚО-да 3,5 млрд теңгеге жуық қаражат бары мәлім болды.

Олар қайда және қалай жұмсалып жатыр деген сұраққа Данияр Әлиев бұл қаражат табиғатты қорғау шараларына бағытталмағанын, облыстық мәслихат басқа қажеттіліктерге бөлгенін айтты.

– Біз онда көптеген пункттерді қостық – бірінші кезектегі проблемалық мәселелер қатарында полигондар, тазарту қондырғылары, нөсер кәріздері бар. Дегенмен, алдағы уақытта экологиялық төлемдердің қалай бөлінетіні белгісіз, – дейді Данияр Әлиев.

Келесі жылы не болары белгісіз. Табиғатты қорғау шараларының бағдарламасы жасалды, бірақ бекітілмеді. Бұл табиғи ресурстар басқармасының жауапты саласы.

Ads zone